Постмониторинг
Постаккредитациялық мониторинг — аккредиттеу мерзімі ішінде аккредиттелген білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларының қызметін жүйелі бақылау. Оның мақсаты — ұйымның аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін және сыртқы сараптама комиссиясының (ССК) ұсынымдарын дәйекті орындауын растау.
Постмониторинг нені қамтиды
- аккредиттелген ұйымдардың ССК ұсынымдарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы жыл сайынғы есептері;
- аккредиттеу мерзімі ішінде білім беру ұйымына аралық сапарлар;
- білім беру бағдарламалары сапасының негізгі көрсеткіштерін талдау;
- ұйым қызметіндегі елеулі өзгерістерді қарау (қайта ұйымдастыру, бағдарлама мазмұнының өзгеруі, басшылықтың ауысуы);
- мониторинг қорытындысы бойынша Аккредиттеу кеңесінің аккредиттеуді растау, тоқтата тұру немесе кері қайтарып алу туралы шешімі.
Аккредиттелген ұйымдардың міндеттері
Білім беру ұйымы жыл сайын постаккредитациялық мониторинг туралы есеп ұсынуға, елеулі өзгерістер туралы CAAAE-ге уақтылы хабарлауға және аралық сапарлар кезінде сарапшыларға қажетті материалдарға қолжетімділік қамтамасыз етуге міндетті. Есептілікті ұсынбау аккредиттеу мәртебесі туралы мәселені қарауға негіз болуы мүмкін.
