KAZSEE стандарттары Болон декларациясының ережелеріне сәйкес келеді және бірінші және екінші цикл бағдарламаларын ажыратады. «Цикл» термині академиялық дәреже беруге апаратын білім беру бағдарламасын анықтау үшін қолданылады. Бірінші циклға бакалаврларды даярлау бағдарламалары, ал екінші циклға магистрлерді даярлау бағдарламалары жатады.

Мамандандырылған / бағдарламалық аккредитация стандарттары

Жоғары оқу орындарын мамандандырылған аккредитациялаудың стандарттары мен критерийлері Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Инженерлік білім беру саласындағы аккредиттеудің еуропалық желісіне (ENAEE), Болон процесінің талаптарына, жоғары білімді мамандандырылған аккредитациялау және аудит жөніндегі халықаралық практикаға сәйкес әзірленген. Мамандандырылған аккредитациялаудың стандарттары мен критерийлері жоғары оқу орындарының білім сапасын іштей қамтамасыз етуіне арналған.

Инженерлік білім беру саласындағы аккредиттеудің еуропалық желісі (ENAEE) – мақсаты инженерлік білім беру бағдарламаларын аккредиттеудің жалпыеуропалық жүйесін құру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып табылатын аккредиттеу агенттіктерінің желісі.

Инженерлік білім беру саласындағы аккредиттеудің еуропалық желісінің (ENAEE) негізгі мақсаттары:

Аккредиттеу агенттіктерінің сапасын бағалау және сертификаттау «Еуропалық кеңістікте жоғары білім сапасын кепілдендіруге арналған еуропалық стандарттар мен ұсынымдарға» (ESG) және жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес жүргізіледі.

ENAEE қатысушылары – инженерлік мамандарды оқыту мен даярлауға мүдделі агенттіктер мен кәсіби ұйымдар.

ENAEE мүшелері болып табылатын аккредиттеу агенттіктері аккредиттелетін орта кәсіптік және жоғары кәсіптік білім берудің инженерлік білім беру бағдарламаларына EUR-ACE® сапа белгісін беру құқығына ие.

Берілетін EUR-ACE® сапа белгісінің артықшылықтары:

Қазіргі уақытта, ENAEE құрамына кіретін ұлттық агенттіктер саны шектелмегеніне қарамастан, KAZSEE – ENAEE құрамындағы жалғыз қазақстандық аккредиттеу агенттігі.

ENAEE құрамына 17 толық құқылы қатысушы – Еуроодақ (11 ел), Ресей, Түркия және Швейцария аккредиттеу агенттіктері, сондай-ақ 4 қауымдастырылған қатысушы кіреді.

EUR-ACE® сапа белгісі әлемнің 21 еліндегі 300 университет пен басқа да білім беру мекемелерінің 1600-ден астам инженерлік білім беру бағдарламасына берілген.

Мамандандырылған / бағдарламалық аккредитация рәсімі

Мамандандырылған аккредитация рәсімін агенттік еуропалық және халықаралық стандарттарға сәйкес әзірлеген, ол мынадай кезеңдерді қамтиды:

I кезең


II кезең


III кезең

Аккредиттелген білім беру бағдарламаларының тізілімі

Есептер